«Барыс» «Ақ Барыстан» ойсырай ұтылды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Ойындағы алғашқы шайба бірінші кезеңнің 16 минутында соғылды. Василий Токранов командасын алға шығарды. 38 минутта «Ақ Барыс» командасы ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланып, Дамир Мусин «Барыс» қақпасына екінші шайбаны енгізді.

Қазақстандық клуб үшінші кезеңде қақпаларына тағы екі шайба соқтырып алды. 45 және 52 минуттарда нәтижелі соққыларымен ерекшеленген Антон Глинкин дубль авторы атанды.

Эдуард Занковец жаттықтыратын «Барыс» келесі ойынын 7 қазан күні Астанада «Лада» клубына қарсы өткізеді. 

«Барыс» — «Ақ Барыс» 0:4 (0:1, 0:1, 0:2)

Шайбалар:
0:1 — 13:50 Токранов (Свитов, Секач). Тең құрамда
0:2 — 37:16 Мусин (Малыхин, Глинкин). Ойыншы басымдығында
0:3 — 44:57 Глинкин (Жуков). Тең құрамда
0:4 — 51:11 Глинкин (Попов). Тең құрамда

«Барыс»: Карлссон — Семёнов-Даллмэн, Доус-Боченски-Сен-Пьер; Трясунов-Баркер, Гренц-Старченко-Рымарев; Шалапов-Липин, Худяков-Маркелов-Тривино; Ибрайбеков, Бельгибаев-Кучин-Иванов, Панюков;

«Ақ Барыс»: Гарипов — Токранов-Абросимов, Азеведо-Свитов-Секач; Сидоров-Захарчук, Чибисов-Ткачёв-Лукоянов; Мусин-Черепанов, Обухов-Варнаков-Малыхин; Эллиотт, Глинкин-Попов-Жуков.

Айып уақыты: 4:20 (0:12, 4:2, 0:6)

Бас төрешілер: Денис Бондарь, Сергей Гусев

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама