«Барыс» 2015 жылдағы соңғы ойынын жеңіспен аяқтады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

«Барыс» «ЦСКА» клубын 4:3 есебімен жеңу арқылы плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігіне жақындай түсті. Алайда «Нефтехимик» пен «Автомобилист» клубтарының еншілерінде бірнеше артық ойыннан бар.

Қазақстандық клуб бүгінгі ойында аутсайдер саналған болатын. Десе де бірінші болып «Барыс» есеп ашты. Роман Савченконың бағыттаған шайбасы қонақтар қақпасына енді. Бірінші кезең аяқталғанша андрей Назаров шәкірттері өз мүмкіндіктерінің бірін сәтті іске асыра білді. Ойыншы басымдығын пайдаланған «Барыс» екінші шайбаны қонақтар қақпасына енгізді. Бұл жолы Роман Старченко мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ екінші кезеңде қазақстандық клубтың ойыншысы Константин Пушкарев пен Ян Муршак жаға жыртысып, 4 минуттан айып уақытын өтеді. 

Екінші кезеңді «ЦСКА» хоккейшілері сәтті аяқтады. Мартен Сен-Пьер есепті 3:0-ге жеткізгенмен, қонақтар есеп айырмасын қысқарта білді. Нәтижесінде екінші кезеңнен кейін есеп 3:2 есебімен аяқталды. Үшінші кезең басында Майк Ландин есепті 4:2-ге жеткізді. Ойын соңына қарай «ЦСКА» хоккейшілері кезекті рет есепті қысқартты. Маңызды ұпайды уыстан шығармауға тырысқан «Барыс» соңына дейін талас жүргізіп, қолдағы ұпайдан шашау шығармады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама