"Барселонаның" тізгініне Хави келеді
40 жастағы маман "Барселонаның" бас бапкері Энрике Сетьеннің орнына келеді. Каталондық клубтың қазіргі жаттықтырушысы не маусым соңына дейін қызметінде қалады, не жақында орнын "Барселона Б" командасының бас бапкері Гарсия Пимьентаға босатып береді.
Хавидің "Барселонаның" тізгініне келуіне клуб президенті Хосеп Бартомеудің өзі себеп болып отыр. Оған қоса футболшылар да Хавидің келгенін қолдайтындарын жеткізген.
Егер Хави "Барселонаның" тізгініне келсе бір жылға келісімшартқа отырып, жұмысы үшін алты миллион еуро жалақы алады.
Примераның 32-туры аясында "Сельтаға" (2:2) қарсы өткен матчтан соң "Барселонаның" футболшылары мен Энрике Сетьеннің арасында кикілжің болған. Футболшылар жаттықтырушы тактикалық қате шешімдер қабылдады деп кінәлаған. Тіпті, кейбір футболшылар Энрике Сетьен жұмыс істеу тәсіліне көңілі толмай, оның орнынан кетуін талап етіп отыр.