Барселона футбол клубы шабуылшы Луис Суарестің орнын басар футболшы іздей бастады. Бұл туралы Don Balon басылымына сілтеме жасап Sky Sports хабарлады. Уругвайлық футболшы қаңтар айында 32 жасқа толады. Каталондық клубқа 2014 жылы Ливерпульден ауысып келген болатын. Жаңа маусымда Испания ла лигасында 5 ойынға қатысып, 3 гол соғып үлгерді. 2 нәтижелі пас берді. Басылым ақпараты бойынша Луис Суаресті алмастыруы мүмкін 4 ойыншының есімі белгілі. Алдыңғы қатарда Харри Кейн (Тоттенхэм) мен Роберто Фирмино (Ливерпуль) тұр. Егер каталондық клуб екі ойыншының бірімен де келісімге қол жеткізе алмаса, кезекті таңдаулары Мауро Икарди (Интер) немесе Тимо Вернерге (Лейпциг) түсуі мүмкін екен. Команда осы ойыншылардың бірін 2019 жылдың жазында сатып алуда жоспарлауда. Айта кетейік, Испания чемпионатында Барселона V турдан кейін 13 ұпаймен 1-орында келеді. Түнде каталондық клуб өз алаңында Жиронамен тең ойнады (2:2).