“Барселона“ Неймармен келісімге келді

Massaget.kz Корреспондент
Фото ©️ ©ФК "Сантос"

Каталондықтардың жалғыз шарты

Биыл қаңтарда 33 жастағы вингер саудиялық "Әл-Хиләлдан" кетіп, карьерасын бастаған бразилиялық "Сантос" сапына еркін агент ретінде оралды. Алайда Неймар онда қалмақ емес, футболшы "Барселонаға" қайта қосылғысы келеді. Ол үшін тіпті еңбекақысын да айтарлықтай төмендетуге дайын. 

Ал "Барселонаның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик командаға Неймардың келуіне мүлде қарсы. Бұған қарамастан каталон клуб басшылығы Неймармен келіссөз жүргізіп, оны командаға алу үшін жалғыз шартын қойды: Неймар әлі де жоғары деңгейде бәсекелесе алатынын дәлелдеуі қажет. Нақты айтқанда ол "Сантостағы" бір маусымда 15 гол салу керек. 

Неймардың "Барселонаға" оралу себебі

"Бір жағынан Неймардың ісін жүргізетін әкесі 30 маусымда келісімшарт аяқталысымен футболшы "Сантоста" қала алмайтынын мәлімдеді. Екінші жағынан футболшының айналасындағылар Неймар карьерасының ең жарқын сәтін өткізген каталон клубына оралғысы келеді деген дақпырт таратып жіберді. 

Ал футболшының оралуына екі түрлі себеп бар. Бірі - жеке амбиция. Неймар әлі де әлемдік деңгейде жарқ ете алтынын дәлелдегісі келеді. Екіншісі - 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық. Футболшы "Барсадағы" бәсекелестік оны бабына келтіре алады деген ойда. Осы себепті әйгілі Ромарио оған әлі де бір жыл "Сантоста" қалып, одан кейін әлем біріншілігінің нәтижесіне қарамастан, "досың Месси сияқты АҚШ чемпионатына ауыс" деп кеңес беріп отыр екен", деп хабарлайды Sport.

"Барсаның" ұстанымы мен келісімшарт жасау мүмкіндігі

"Барселона" әзірге Неймарға қатысты келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Клуб футболшы өзін жазға дейін қалай көрсететінін күтіп отыр. Бастама жаман емес: "Сантоста" Неймар қатарынан жеті матч өткізді, "Әл-Хиләлда" бір жыл жүріп онша матч ойнамады. 

Еске салайық, Неймар "Барселонада" 2013 пен 2017 жыл аралығында ойнады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама