"Барселона" Мессисіз қалды

О Сансызбай Корреспондент

Каталондық «Барселона» командасының көшбасшысы Лионель Месси кеше «Бетиспен» болған кездесудің 20 минутында жарақат алған болатын. Бүгін команданың медициналық тексеру орталығы футболшының 6-8 апта көлемінде алаңға шықпайтынын хабарлады. Аргентиналық шабуылшының сол аяғының сіңірі жарақаттанғаны мәлім болып отыр. Алғашқы емдеу шаралары Барселонада өтсе, екінші емдеу кезеңі Буэнос-Айресте болады.

Лионель Месси бұл маусымда осымен үшінші рет жарақат алды. 21 тамыз күні Испания Кубогы аясында «Атлетико Мадридке» қарсы кездесуде жарақаттанса, 28 қыркүйек күні «Альмерияға» қарсы кездесудің 28 минутында ойынды аяқтаған болатын. Шабуылшы бұл маусымдағы Ла-Лигада 11 кездесу өткізіп, 8 рет көзге түсті.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/doStVa0LR94","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: fcbarcelona.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама