«Барселона» кезекті рет ұпай жоғалтты (видео)

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Өткен турда «блауграна» мадридтік «Реалдан» ұтылып қалған еді. Бұл жолы каталондық клуб түзде «Реал Сосьедадты» жеңе алмады. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған 5 минутта Микель Оярсабаль соқты.

«Барселона» Сан-Себастянда «Реал Сосьедадты» 6 жыл қатарынан жеңе алмай келеді. 6 жылда өткен 6 ойынның 3-де алаң иелері жеңіске жеткен. 3 ойын тең аяқталған. Ал Лионель Месси болса, спорттық мансабындағы 500-голын соңғы бірнеше ойындарында соға алмай келеді. 

ХХХІІ тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде «Барселона» көш бастауда. Десе де соңғы тур ойындарының қорытындысы бойынша мадридтік клубтар команданы өкшелеп-ақ келеді. «Барсада» - 76, «Атлетикода» - 73, «Реалда» 72 ұпай бар.

Испания ла лигасының келесі туры 16 сәуір күні басталады. «Барселона» 18 сәуір күні «Камп Ноуда» «Валенсиямен» ойнайды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама