«Барселона» футболшылары ауыр науқасқа шалдыққан қыздың арманын орындады
Сирек кездесетін генетикалық прогерия дертіне шалдыққан Кенза католондық клуб ойыншыларын бір көруді армандаған. Кішкентай қыздың арманын естіген клуб басшылығы «Альянц Ривьера» ғимарат-үйінде арнайы кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Кенза «Барселона» футболшыларымен суретке түсіп, сыйлықтар алды.
Кенза мен "Барселона" клубының қорғаушысы Марк Бартр.
Mundo Deportivo сайтынан барселоналықтардың француз қызымен кездескен видеосын көруге болады.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: sportbox.az