“Барселона“ футбол клубының “қара тізіміндегі“ 4 футболшы
Басылым ақпараты бойынша командадан осы жазда Андре Гомеш, Алейш Видаль, Люк Динь мен Йерри Мина кетуі мүмкін. Олар жаңа команда іздестіруді бастап та кеткен көрінеді.
Андре Гомеш пен Алейш Видаль соңғы 11 ойында негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ. Екі ойыншыға да мүмкіндік берілгенмен, жақсы қырларынан көрсете алған жоқ. Люк Динь болса каталондық клубтың деңгейінде ойнай алмай жүрген ойыншылар қатарында. Бәсекелестерінен бір бәс төмен тұр. Йерри Мина да тәжірибе жинау үшін еуропалық ұжымдардың бірінде уақытша ойнай тұруы мүмкін.
Sports.es басылымы Андре Гомеш "Барселонадан" біржола кеткісі келетіні туралы жазған. Қос тарап екі жаққа да тиімді шешім қабылдау жолын іздеуде екен. Ойыншыны каталондық ұжым 2016 жылы "Валенсиядан" 35 миллион еуроға сатып алған болатын. Португалдық жартылай қорғаушыға Туриннің "Ювентус" клубы қызығушылық танытуда.