"Барселона" Чемпиондар лигасынан шығып қалды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

"Барселона" (Испания) – "Ювентус" (Италия) 0:0

Қос команда арасындағы бірінші ойында туриндік клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қарымта ойында командалар 0:0 есебімен тең ойнады. Луис Энрике жаттықтыратын каталондық клуб камбэк жасай алмады.

"Монако" (Франция) – "Боруссия д" (Германия) 3:1

"Монако" Дортмундтың "Боруссиясын" екі ойында да ұтты. Бірінші 3:2 есебімен басым түссе, қарымта ойында 3:1 есебімен жеңіске жетті. "Луи ІІ" стадионында өткен ойында алаң иелері сапынан Килиан Мбаппе, Радамель Фалькао мен Валер Жермен гол соқты. Ал дортмундтың клубтың бір голын Марко Ройс өз еншісіне жазды.

"Монако" 2004 жылдан бері Чемпиондар лигасының жартылай финалына алғаш рет шығып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Чемпиондар лигасының жартылай финалына Мадридтің "Реалы" мен "Атлетикосы" шыққан болатын. 1/2 финалдың жеребесі ертең тартылады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама