«Барселона» бапкері клуб тәртібін бақылауға алды

О Сансызбай Корреспондент

Луис Энрике мен клуб басшылығы тәртіп пен ішкі алауыздықтың алдын алу үшін футболшылардың тәртіпке бағынуын қатаң қадағаламақ. Сонымен қатар, әлем чемпионатында жарақатынан емделіп жүрген Неймарға да ескерту жасады. Бразилиялық шабуылшы осыған дейін әлеуметтік желілерде фотоларын жариялап, белсенді көрініп жүрген. Ендігіде футболшыға өзін көп жарнамалауға тыйым салынды. Жаңа маусымға клубты жаңа деммен бастап шыққалы отырған жаттықтырушының жасақтаған тәртіптік талаптары төмендегідей екен. Ойыншылар жаттығу басталуға бір сағат қалғанда жаттығу алаңдарына жиналып тұруы тиіс Алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салынады Алдағы кездесуге 48 сағат уақыт қалғанда футболшы үйіне түн жарымына дейін кешігіп келмеуі керек. Ойыншылардың негізгі құрамда шығуына өзгелер де құрметпен қарауы тиіс Айыппұл көлемі 1000 мен 6000 еуро көлемінде болмақ Футболшылар ресми іс-шаралар мен кездесулер алдындағы сапарларда клубтың арнайы ұсынылған киімінде жүруі тиіс Футболшылар әлеуметтік желілер мен тілшілерге берген сұқбаттарына жауапкершілікпен қарауы керек. Футболшыларға дайвинг, тауға шығу, мотоциклмен жарысу секілді экстремалды спорт түрлерімен айналысуға тыйым салынады Салынған айыппұлдардан түскен қаржы қайырымдылық қорларына аударылады

Жақында ғана клубтың қатарын толықтырған қорғаушы Жереми  Матье болса, темекі шегуді клуб тәртібіне теріс қылық ретінде қарамайтынын жеткізді. Темекі шегу футболшының жеке басының шаруасы, ол үшін жазалауға болмайды, алаңдағы ойынына қарап жазалау керек, - деген пікірмен шектеліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Испания ла-лигасының ойындары 23 тамыз күні басталады. Ал «Барселона» алғашқы кездесуін 25 тамыз күні «Камп Ноуда» «Эльчеге» қарсы өткізетін болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ntv.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама