Барнетт Жақияновпен өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Matchroom Boxing

Белфастта өткен бокс кешінде британдық төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Жекпе-жек соңынан Барнетт денсаулығын тексеру үшін ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы  The Times тілшісі Рон Льюис twitter желісінде жазды.

Айта кетейік, Райан Барнетт 2012 жылы денсаулығын байланысты спорттық мансабын аяқтауына шақ қалған. Ми қантамырларының бітелуі спортшы өміріне айтарлықтай қауіп төндірген еді.

Жанат Жақияновтың тексерілу үшін ауруханаға барғаны жайлы ақпарат жоқ. Негізінен көп боксшылар жекпе-жектен кейін емханаларға барып тексеріледі. Мәселен, АҚШ-тың атлетикалық комиссиясы нокаутқа түскен боксшыларды тексеруден өтуін міндеттеген. Сондай-ақ 90 күн шамасында спарринг және жекпе-жек өткізуге тыйым салады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама