“Бапкер ұнатпайды, ал Бақтиярдың Түркиядан кеткісі келмейді“. Зайнутдинов неге ойынға шықпады?

Дина Ибраева Корреспондент
Фото ©️ Vasile Mihai-Antonio/Getty Images

Бұл туралы Түркияның "Бешикташ" клубы туралы жазатын журналист Серджан Дикме айтып берді, - деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бақтияр Зайнутдинов маусым басталғалы ешбір ойынға қатыспаған. Жаздағы оқу-жаттығу жиындары кезіндегі жолдастық кездесулерде де бой көрсетпеген.

"Клубтың бапкері Бақтиярды ұнатпайды. Сондықтан спортшы алаңға шықпай жүр. Алайда футболшының Түркияда қалғысы келеді. "Бешикташтан" өз еркімен кеткісі жоқ. Зайнутдиновке бапкер көп мүмкіндік береді деп те ойламаймын. Ол негізінен қосалқы құрамда отырады", - дейді Дикме.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама