Бапкер Роберт Гарсия: "Головкин – Котто үшін аса қауіпті қарсылас"

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Гарсияның пікірінше, Коттоға WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы саналатын Головкинмен кездесудің еш қажеті жоқ көрінеді.

«Котто 160 фунтта Канеломен кездессе болады, - дейді Гарсия, - Сондай-ақ 160 фунтта кіші Чавеспен жұдырық түйістірсе де жарасады. Бұл тұста Мейвезермен де қарымта жекпе-жек өткізу мүмкіндігі бар. GGG  (Геннадий Головкин)? Жоқ, Коттоға ол тым «үлкен» қарсылас. «Үлкен» дейтін себебім, Головкин - Котто үшін аса қауіпті қарсылас».

Айта кетейік, Роберт Гарсия көпшілікке танымал Брэндон Риос, Нонито Дониэр және Келли Павлик сияқты боксшылардың бапкері саналады.

Мигель Котто және Геннадий Головкин 

Естеріңізге салар болсақ, 8 маусым күні орта салмақтағы чемпиондық кездесу қорытындысы бойынша пуэрто-риколық Мигель Котто аргентиналық Серхио Мартинестен WBC брилиантты белбеуін тартып алған еді. Аталған кездесуді көрермендер арасынан тамашалаған Головкин осыған дейін қос боксшы арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездескісі келетінін ашық айтқан болатын. Қазір отандасымыз өзінің 26 шілде күні аустралиялық Дэниэль Гилге қарсы кездесуіне қызу дайындық үстінде.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама