Бангкокта бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Бангкоктағы жастар додасына 29 елден 160-қа жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Бұл соңғы екі Азия чемпионатынан жоғарғы көрсеткіш. 2014 жылы 16 елден 96 боксшы қатысса, 2016 жылы Павлодарда өткен Азия чемпионатына 18 мемлекеттен 113 жас боксшы қатысқан болатын. Осы жылғы қатысушылар саны рекордтық көрсеткіш болмақ. Жарысқа Қазақстан, Үндістан, Ирак, Қытай мен Өзбекстан құрамалары толық құрамда қатысатын болады. Сондай-ақ Иордания, Непал, Палестина және Тайпей құрамалары сапында да қатысатын боксшылар саны артқан. Одан өзге Йемен, Катар және Ливан құрамалары алғаш рет қатыспақ.

Бокстан жастар арасында Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы:

49 кг: Тимур Қабдешев 
52 кг: Айбек Досанов 
56 кг: Бахтияр Смағұлов 
60 кг: Саматәлі Төлтаев
64 кг: Санатәлі Төлтаев
69 кг: Ермахан Жақпеков
75 кг: Аят Маржықпаев
81 кг: Эльдияр Қамшыбеков
91 кг: Данил Семёнов
+91 кг: Нұрдәулет Ұланұлы

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама