Балуан Ержет Жарылқасын әлем чемпионатының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Қазақ балуаны жартылай финалда бейтарап спортшы ретінде қатысқан ресейлік Садық Лалаевты 8:0 есебімен айқын жеңіп шықты. Финалда отандасымыз әзербайжан балуаны Нихад Захид Мамадлимен күреседі. 

"Белдесу бапкерім екеуміз ойластырғандай өтті. Бастысы - қарсыласымды төрттағанға жатқызып, әдіс жасау болған. Оған дейін жеткізбей, тез жеңіске жете алдым. Енді қалғаны бір қарсылас. Ертең финалда жинақы күресіп, елге алтын медальмен оралуға барымды саламын", - деді Ержет Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Ержет Жарлықасын жартылай финалға дейін Польша және Франция елінің балуандарын жеңіп шықты. 

Сондай-ақ жарыстың алғашқы күні бақ сынаған Исхар Құрбаев (55 келі) ширек финалда сүрінсе, Мейіржан Шермахамбет (72 келі) іріктеуде, Евгений Поливадов (82 кг) 1/8 айналымда қарсыласына есе жіберді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама