Баландин Болгария чемпионатына қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ZTB.kz

Болгария ашық чемпионаты Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) күнтізбесіндегі жарыстардың бірі. Жарыс шілде айында Будапештте өтетін әлем чемпионатына лицензия таратады.

Жарыс 29 маусым мен 2 шілде аралығында елдің астанасы Софияда өтеді. Бұл жарысқа Дмитрий Баландиннен өзге 6 қазақстандық жүзуші қатысады. Қазақстаннан өзге Түркия, Грекия, Словакия, Украина мен Армения елдерінің спортшылары да жарыста бақ сынайды.

Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуге қатысатыны белгілі болып отыр. Өзге әдістер мен қашықтықта да жарыс жолына шығуы мүмкін.

Қазақстандық спортшы Риодағы жетістігінен кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысқалы отыр.  Ол алдағы әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама