"Бала кезден армандадым". Демеу Жадыраевтың жеке ұшағы бар екені рас па?
Оның айтуынша, сәбиін 4 жыл күткен.
"Тұңғышымыз мамыр айында дүниеге келді. Сәбиімізді 4 жыл күттік. Бірақ қазір сонша жыл күткендей боп тұрған жоқ. Бәрін ұмытып кеттік. Әке болған бөлек қой. Бір қыздың әкесіміз, Аллаға шүкір. Жауапкершілік күшейді, бұрынғыдай қылтың-сылтың жоқ. Қиналғанда жасамай қою, бір істі аяғына дейін жеткізбеу дегендерді ұмыттырып жіберді десек болады. Жаттығудан шаршаған хабарласып қоясың. Көріп, күш жинайсың. Қызым спортқа барам деп жатса, алдағы уақытта көре жатармыз. Қандай жағдай болмасын, қолдауға тырысамыз. Аман-есен өссін, ұзақ ғұмыр берсін", - деді ол.
Спортшы "жеке ұшағыңыз бар ма" деген сұраққа да жауап берді.
"Жеке ұшағым жоқ. "Болсын" деп армандап қоямыз. Әлеуметтік желідегі басқарып жүрген ұшағымды көбісі сұрайды. Кәдімгі симулятор ғой. Айырмашылығы - ұшпайды, қалғанының бәрі ұшақпен бірдей. Аспанда кетіп бара жатқан сияқты сезініп, ұшақта отырғандай боласың. Баруға кеңес беремін. Замандастарыммен бірге мен де ұшқыш болуды армандадым. Бала болған соң армандай бересің ғой", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!