Бақтияр Артаевтың ісі жабылды

Ардақ Құлтай Корреспондент

Айта кетелік, "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдрайымов та бұған дейін өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Бақтияр Артаевқа қатысты істің әділдікпен шешілгенін жазған.

"Ал, Бәке досым ақ жол!!! Елдi шулатқан жала әдiлдiкпен шешiлгенiне қуаныштымын! Ендi жолыңызда еш бөгет болмасын. Лондондағы оқуды ойдағыдай оқып келiп, Қазақ елiне қызметiңiздi қайта жалғастыруды Жаратқан нәсiп етсiн!!! Көрiскенше күн жақсы. Ұзақ сапар сәттi болғай! Бiр жарым жылыңыз - бiр жарым күндей боп өте шықсын. Шығарып салып тұрған сәт. 31.07.14" деп жазба қалдырды әнші.

Бақтияр Артаевтың адвокаты Жарқынбек Жұмыров "қылмыстық іс нышандарының" жоқтығына байланысты істің жабылғанын растады. 

 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мерзімді басылым беттерінде Бақтияр Артаевтың Айсұлу Ыбрашева есімді қызды ұрғаны жайлы ақпарат тараған болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: sport.gazeta.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама