Баходир Джалолов Өзбекстан құрамасынан кетті
Sports.uz порталының журналисті Джалал Ахмедовтің сөзінше, Баходир Олимпиададағы Айюб Гадфа Дриссиді жеңгеннен кейін кәсіпқой боксқа бет бұрмақ.
Осылайша, Джалолов Олимпиаданың екінші алтынын жеңіп алды: біріншісін 2020 жылы Токиода алған еді. Сонымен қоса, ол әлем чемпионатының алтынын екі рет иеленген (2019, 2023).
Ал кәсіпқойда Джалолов 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңген.