Азияда алты боксшымыз топ жарды

О Сансызбай Корреспондент

Он салмақ дәрежесінің алты алтынын қанжығаларына байлаған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Екінші орын өзбектерге бұйырды. Қазақ жасөспірімдері ел боксының келешегі зор екенін тағы бір дәлелдеп берді.

Ақтық сынға шыққан Сұлтан Зауырбек (56 келі), Абылайхан Жүсіпов (60 келі), Аян Қалибеков (64 келі), Вадим Казаков (81 келі), Темірлан Қабиев (91 келі) және ауыр салмақтағы Елдос Қадырбаев қарсыластарына мықтылығын танытып, алтыннан алқа тақты. Ал Ертуған Зейнулинов (49 кг), Иван Ковалев (52 кг) және Илья Очкин (69 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

Енді Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сәуір айында Болгарияда өтетін әлем чемпионатына дайындалады.

Жалпы медальдар жиынтығы:

Rank  Nation

Gold

Silver

Bronze

Total

1
 Kazakhstan

6

0

3

9

2

 Uzbekistan

2

4

2

8

3

 Indipende. O. A.

1

1

1

3

4

 Thailand

1

0

2

3

5

 South Korea

0

2

1

3

5

 Syria

0

2

1

3

7

 Tajikistan

0

1

2

3

8  Kyrgyzstan

0

0

3

3

8  Mongolia

0

0

3

3

10  Japan

0

0

2

2

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама