Бүгін Иондонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында жазғы Азия ойындары басталды. Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы жүлде алтын болды. Қазақстандық семсерлесушіДмитрий АлексанинАзия ойындарының жеңімпазы атанды. Отандасымыз финалда Рио Олимпиадасының чемпионыСан Ен Пактыжеңді. Дмитрий үш кезең бойы есепте алды тұрды. Дегенмен соңғы кезеңде Олимпиада чемпионы біздің спортшыны қуып жетті. Соңғы секундтарда сәтті шабуыл жасаған Алексанин Азиаданың чемпионы атанды. Қорытынды есеп - 15:12. Дмитрий Алексанин Джакартадағы жеңісін қапияда қаза болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына арнады. Еске сала кетейік, Дмитрий Алексанин жартылай финалда Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионыДжунг Джинсуннанбасым түскен болатын.