XVIII жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен жарыстар аяқталды. Қазақ балуандары алғаш рет жеңістің ең биік тұғырынан көріне алмады. Бүгін грек-рим күресінен жүлделер сарапқа салынды. Соңғы үміт ауыр салмақтағы апайтөс балуанымызНұрмахан Тыналиевтеболды. Алайда финалда отандасымыз өзбекМумиджан Абдуллаевтанайласын асыра алмады. Оған дейін жергілікті балуанПапанг Раманханимен жапонАрата Сонаданыжеңген еді. Нұрмахан бүгін алтын алғанда, Азия ойындарыныңүш дүркін жеңімпазыатанар еді. Алтын бұйырмады. Жалғыз Нұрмаханға ғана емес, жалпы күрес түрлерінен... Осыған дейін бір балуан болса да, жеңімпаз атанып жүрген еді. Қазақ спортшылары жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Хиросимо боз кілеміндеМәулен Мамыров(еркін күрес),Дәулет Тұрлыханов(грек-рим күресі) пенЮрий Мельниченко(грек-рим күресі) алтыннан алқа таққан-ды. Араға 4 жыл сала Азия ойындары Бангкокта өтті. Ол жолыБақтияр Байсейітов(грек-рим күресі) пенСергей Матвиенко(грек-рим күресі) жеңістің биік тұғырынан көрінді. 2002 жылы ПусандаӘсет Иманбаев(грек-рим күресі) пенГеоргий Цурцумия(грек-рим күресі) алтын алды. 2006 жылғы Азия ойындары Дохада (Катар) өтті. 74 кг салмақтаРоман Мелешинжеңімпаз атанды. 2010 және 2014 жылдарыНұрмахан Тыналиевтіжеңіс тұғырынан көрдік. Сондай-ақ Гуанчжоуда (2010 ж) әйелдер арасында 63 кг салмақтаЕлена Шалыгинатоп жарды. Биыл Джакартада алтын жүлде бұйырмады. Қазақ балуандары 4 күміс 6 қоламен жарысты аяқтады. XVIII жазғы Азия ойындары 2 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 1 алтын 6 күміс 14 қола медальмен жалпы есепте 12-орында келеді.