Азия ойындарына қатысатын қазақстандық хоккейшілердің тізімі жарияланды
Азиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында ақпан айының 19-ы мен 26-сы күндері аралығында өтеді. Барлығы 64 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Осыған дейін Саппородағы додаға қатысатын қазақстандық спортшылардың тізімін жариялаған болатынбыз. Бүгін Қазақстан хоккей құрамасының құрамы белгілі болды. Құрама сапына шақырту алғандардың басым бөлігі жуырда ғана Алматы қаласында өткен Универсиаданың жүлдегерлері.
Қақпашылар: Сергей Кудрявцев ("Торпедо"), Виталий Колесник ("Барыс").
Қорғаушылар: Артемий Лакиза ("Номад"), Георгий Дульнев ("Сарыарқа"), Антон Казанцев ("Арлан"), Станислав Зинченко ("Номад"), Мадияр Ыбрайбеков ("Барыс"), Иван Степаненко ("Номад"), Александр Куршук ("Оңтүстік Урал").
Шабуылшылар: Илья Ковзалов ("Номад"), Нұрсұлтан Белгібаев ("Барыс"), Константин Савенков ("Арлан"), Никита Михайлис ("Барыс"), Дмитрий Гренц ("Барыс"), Ярослав Евдокимов ("Номад"), Антон Петров ("Арлан"), Ильгиз Нұриев ("Құлагер"), Максим Волков ("Құлагер"), Антон Сагадеев ("Сарыарқа"), Кирилл Савицкий ("Номад"), Әлихан Әсетов ("Номад"), Алексей Анциферов ("Арлан").
Жаттықтырушылар ұжымы: бас жаттықтырушы - Сергей Старыгин, өзге жаттықтырушылар - Юрий Михайлис, Георгий Верещагин және Владислав Занковец.
Айта кетейік, 2017 жылғы қысқы Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы топта Жапония, Қытай және Оңтүсік Корея ұжымдарына қарсы ойнайды.