Азия чемпионы әлем чемпионатында топ жарды
Игорь Сон әлем чемпионатында жұлқа көтеруде 92 келіні, ал серпе көтеруде 116 келіні еңсерді. Екі жаттығуда да кіші алтынға ие болды. Ал қоссайыс қорытындысы бойынша 208 келі көрсеткішімен әлем чемпионы атанды. Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында (93+115) да қоссайыс қорытындысы бойынша 208 келіні бағындырған болатын.
Әлем чемпионатының күміс жүлдесі вьетнамдық Ли Нгуеинге (202 келі) бұйырса, қоланы ресейлік Зульфат Гараев (201 келі) жеңіп алды.
Айта кетейік, Перу астанасы Лимадағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын кеше басталған болатын. Жарыста еліміздің намысын 6 спортшы қорғауда. Бүгін 56 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Игорь Шварц жарыс жолына шығады.
Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі:
9-сәуір: Игорь Шварц (56 келі) - Қазақстан чемпионы
10-сәуір: Әйгерім Ауылбек - жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері, Қазақстан чемпионы
Арыстанбек Жақанша (69 келі) – ел чемпионатының жүлдегері
11-сәуір. Шыңғыс Сағындықов (85 келі) – Қазақстан чемпионы
11-12-сәуір: Татьяна Капустина (+69 келі) – жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының, Азия чемпионатының жүлдегері, жастар арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы.
Сурет: vk.com