Азия чемпионатындағы қазақ боксшыға қатысты даулы шешім шу туғызды

Manas Корреспондент
Фото ©️ Видеодан кадр

57 келіде өнер көрсететін Ерболаттың шешуші айқастағы қарсыласы үндістандық Нихил болды. Қазақ боксшы қабағын жарып алғанына байланысты жекпе-жек үшінші раундта уақытынан бұрын тоқтатылды. 

Ал жеңісті үндістандық боксшыға берді, өз кезегінде бұл көрермен арасында дау тудырып, олар ысқырып, айқайға басты. 

Қазақстандық боксшы мен оның бапкері де төрешілердің бұл шешімімен келіспеді. Ерболат наразылығын білдіріп, біразға дейін рингтен кетпей тұрып алды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама