Азия чемпионатына қатысатын қазақ балуандары
Боз кілемдегі белдесулер еркін күрес шеберлерінің белдесуімен басталады. Одан кейінгі күндері әйелдер арасында жеңімпаздар анықталады. Жарысты классик балуандар аяқтайды.
Күрес түрлерінен Қазақстан командасы бұл күндері АІВА спорттық базасында жаттығуда. Команда 20 сәуір күні Қытайға бағыт алады.
Қазақстан құрамасының құрамы:
Еркін күрес
Мейрамбек Қартбай (57 кг); Бауыржан Төребек (61 кг); Дәулет Ниязбеков (65 кг); Нұрқожа Қайпанов (70 кг); Данияр Қайсанов (74 кг); Ғалымжан Өсербаев (79 кг); Әділет Дауланбаев (86 кг); Ералы Әбдірашев (92 кг); Әлішер Ерғали (97 кг); Олег Болтин (125 кг);
Бас жаттықтырушы - Әсет Серікбаев.
Әйелдер күресі
Валентина Исламова (50 кг); Татьяна Ахметова (53 кг); Марина Седнева (55 кг); Эмма Тисина (57 кг); Мадина Бақбергенова (59 кг); Аяулым Қасымова (62 кг); Айна Теміртасова (65 кг); Ирина Казюлина (68 кг); Жамила Бақбергенова (72 кг); Гүлмарал Еркебаева (76 кг);
Бас жаттықтырушы - Нұрлан Аманқосов;
Грек-рим күресі
Қорлан Жақанша (55 кг); Мейрамбек Айнағұлов (60 кг); Құдайберген Тұрсынов (63 кг); Меірржан Шермаханбет (67 кг); Демеу Жадыраев (72 кг); Темірлан Шадукаев (77 кг); Мақсат Ережепов (82 кг); Азамат Күстібаев (87 кг); Әлімхан Сыздықов (97 кг); Дамир Күзембаев (130 кг);
Бас жаттықтырушы - Нұрым Дүйсенов