Азия чемпионатына барған боксшымыз жекпе-жекке шықпайтын болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Алуа Балқыбекова 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды. Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде тай елінің боксшысы Раксат Тукаматпен жұдырықтасуы керек болған. Қазақстан бокс федерациясының ақпараты бойынша отандасымыз денсаулығына байланысты жұдырықтасудан бас тартты. 

"Ішек синдромы бар орта дәрежелі жіті гастроэнтеритке байланысты спортшының жарысқа қатыспауы туралы шешім қабылданды", - делінген дәрігер анықтамасында. 

Бейресми ақпараттар бойынша, спортшылар тұрақтаған ресми қонақүй асханасы көптің көңілінен шықпаған. Команда өкілдері ұйымдастырушыларға шағым түсірді.

Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты Чианг Мэйде (Тайланд) өтіп жатыр. Жарыс 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама