Азия чемпионаты. Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті
63 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева Азия чемпионы атанды. Отандасымыз финалда Вьетнам елінің боксшысы Ха Тхи Лингтан басым болып шықты. Есеп - 5:0.
Айта кетейік, бұған дейін Виктория Граффеева (60 келі) алтын алған болатын.