Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп үш дүркін Азия чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

86 килоға дейінгі салмақтағы белдесулердің финалында Азамат өзбек балуаны Жабраил Шапиевпен кездесті. Қарсыласын 5:2 есебімен айқын ұтып шықты. Осылайша сары құрлықтың басты додасында үшінші рет топ жарды. 

Азамат Дәулетбеков бұған дейін 2022 және 2023 жылдары алтын алған еді. Сондай-ақ Азия чемпионатының күміс және қола жүлдесі де бар. 

Азаматтан өзге бүгін тағы бір қазақ балуаны финалға шыққан болатын. 61 килоға дейінгі салмақта Асыл Айтақын қырғыз балуаны Тайырбек Жұмашбекұлына жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Ал қола медаль үшін өткізген белдесуде Талғат Сырбаз жүлделі орынға іліге алмады. 

Айта кетейік, кеше Ризабек Айтмұхан – күміс, Мейрамбек Қартбай қола медаль жеңіп алған болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама