Айсұлу Ыбрашева "Нұр Отан" партиясына шағымданатынын айтты
Ал BNews.kz сайтына берген сұхбатында Айсұлу Ыбрашева "Иә, іс жабылды, қылмыс құрамының болмауына байланысты ІІД істі жапты. Енді ІІД-дегілер оған қатысты азаматтық іс бойынша сотқа бере аласың деп отыр. Бірақ миымды шайқап, көпшілік алдында намысымды аяққа басқан адамға қатысты қандай азаматтық іспен сотқа жүгінуге болады?.. Мұндай іс азаматтық тәртіппен шешілмейді деп ойлаймын", - деді.
Айсұлу Ыбрашева ендігіде Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға және «Нұр Отан» партиясына шағымданып, хат жазатынын жеткізген.
Бақтияр Артаев Жетінші арнаға телефон арқылы берген сұхбатында "Болмайтын дүние туралы айтқым келіп отырған жоқ, сасқан адамдар өздері сасып қалды ғой, не айтып не қойғандарын білмей қалды ғой. Болмайтын тірліктермен айналысқым келмейді, Айсұлу қарындасым өзі аман болсын. Мен қуаныштымын барлығы аман-есен аяқталып, оқуға шыққаныма", - деген.
Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласының ІІД Баспасөз бөлімінің жетекшісі Артаевтың ісі жабылғанына байланысты «Азаматша Айсұлу Ыбрашеваның арызы бойынша ҚК 257 бабы яғни бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалған. Барлық тиісті тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі уақытта Артаевқа қатысты іс қылмыстық белгілері болмағандықтан қысқартылды» деп мәлімдеген болатын.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com