Әйгілі сағат шығаратын компания Мария Шараповамен келісімін бұзды

Жас Исакаев Корреспондент
Фото ©️ www.24k.ua

Компания шарттың соңғы мерзімі 2015 жылдың 31 желтоқсанында өтіп кеткенін және TAG Heuer оны ұзартпау шешімін қабылдағанын хабарлады.

Бұған дейін спорттық киімдер шығаратын Nike тергеу аяқталғанша Мария Шараповамен келісімді тоқтату шешімін қабылдаған.

Дүйсенбі күні Шарапова қаңтар айында Австралиядағы Үлкен дулыға жарысы кезінде допинг сынағынан өтпегенін мойындады. Лос-Анджелестегі баспасөз конференциясының барысында ол 10 жыл бойы отбасылық дәрігер жазып берген мильдронат дәрісін қабылдағанын мәлімдеді. Бұл дәріге тек 1 қаңтарда ғана тыйым салынған, спортшының айтуынша, ол бұдан хабарсыз болған.

Nike - ресейлік теннисшінің негізгі демеушілерінің бірі. Nike пен TAG Heuer-ден басқа, ресейлік теннисші Cole Haan, Head, Samsung, Evian және Porsche компанияларымен алты дербес демеушілік шарттарын орнатқан.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама