Әйгілі "Дакар" раллиі алғаш рет Азия жерінде өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Somos Dakar

Көпкүндік жарыстың жаңа бағыты қанша уақыт Сауд Арабиясы жерінде өтетіні белгісіз. Бейресми деректер бойынша келісімшарт 5 жылға жоспарланған. Ресми ақпары 25 сәуірде жарияланады.

"Дакар" раллиі 30 жыл Африка құрлығында өтті. 2009 жылы лаңкестік әрекеттер қауіп-қатері артқаннан кейін, жарысты өзге құрлыққа ауыстыру жайы қаралды. Нәтижесінде әйгілі жарыстың жолы Оңтүстік Америка құрлығына ауысты. Одан бергі 11 жыл ішінде авто-мото дода Аргентина, Чили, Перу, Парагвай мен Боливия елдерінің аймақтарында өтті. Тек 2019 жылы ғана бір елде ұйымдастырылды. Перудегі 10 кезеңдік жарыс ралли тарихындағы ең қысқасы болды.

40 жылдық тарихы жарыста қайғылы оқиғалар аз болмаған. Осы уақыт аралығында 71 адам көз жұмған. Олардың қатарында автораллидің негізін қалаған Тьерри Сабин де бар. Ол 1986 жылы құмды боран кезінде тікұшақ апатынан ажал құшты.

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама