Әйелдер боксы бойынша әлем чемпионатына 12 қазақстандық қатысады

Дина Ибраева Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Черногорияда өтетін чемпионат 23 қазан - 3 қараша арасында болады. 

Ұлттық олимпиадалық комитет Будвадағы чемпионатқа қатысатын әйелдер боксы бойынша жастар арасындағы Қазақстан командасының тізімін жариялады. Олардың қатарында Әнел Абдрасилова (48 кг-ға дейін), Елянур Турганова (50 кг-ға дейін), Бағжан Отынбай (52 кг-ға дейін), Аяжан Сыдық (54 кг-ға дейін), Аяжан Ермек (57 кг-ға дейін), Толғанай Қасымхан (60 кг-ға дейін), Аружан Жанабаева (63 кг-ға дейін), Ұлдана Таубай (66 кг-ға дейін), Мария Сидоренко (70 кг-ға дейін), Шұғыла Нәлібай (70 кг-ға дейін), Аружан Зейноллаева (81 кг-ға дейін) және Панар Сейтханқызы (81 кг-дан жоғары) бар.

Еске салайық, жақында Париж Олимпиадасының бокстан қол жүлде иегері Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болып сайланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама