ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында бүгінге жоспарланған әйелдер арасындағы 15 шақырымдық биатлон сайысы бүгін өтпейтін болды. Каннындағы қолайсыз ауа райына байланысты жарыс ертеңге шегерілді. Биатлоннан бұл жекелей сынға Қазақстан атынанГалина Вишневская, Дарья Климина, Ольга ПолторанинажәнеАлина Райковақатысады. Ауа райы тұрақтанса, спортшылар ертең Астана уақытымен сағат 14:15-те жарыс жолына шығады. Ал ерлердің жарысы 17:30-да басталады. Бүгін Каннын мен Пхенчхандағы дауылды желге байланысты биатлон жарысынан бөлек өзге іс-шаралар да тоқтатылды. Қала қонақтары мен тұрғындарына далаға көп шықпау жайында ескерту жасалған. Айта кетейік, осыған дейін тау шаңғы спорты бойынша алып слалом (кедергілер арқылы жүру) сайысы ауа райына байланысты кейінге шегерілген еді. Бұл жарыс та ертеңге жоспарланған.