Айдар Шәрібаев мексикалық боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ YouTube

Жеңіл салмақ дәрежесінде өтетін жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. Габино Гота Айдар үшін осал қарсылас емес. Кәсіпқой бокста 27 жекпе-жек өткізіп, 19-да жеңіске жеткен. Оның 17-де айқын басымдықпен ұтып, бір кездесуінде тең түскен. Тек алты жеңілісі бар. Өзінің соңғы жекпе-жегінде Габино Гота өткен жылдың қазан айында «WBO NABO» чемпиондық белбеуіне таласып, пуэрто-рикалық Орландо Крустан ұтылып қалған. 

Айта кетейік, осыған дейін Айдар Шәрібаев 4 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіске жетті. Соңғы рет қазан айында Алматыда испан боксшысы Хуан Окураны жеңген еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама