Айдар Шәрібаев кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Айдар Шәрібаев пен Хуан "Венено" Окура арасындағы жекпе-жек тартысқа толы өтті. Отандасымыз қорғана жүріп жұдырықтасты. Әсіресе қарсыласының шабуылға шыққанын күтіп, соққы жұмсаумен болды. Ал испан боксшысының соққылары ауа қармап жатты. Нәтижесінде 6 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін өтіп, жеңімпазды төрешілер айқындады.     

Айдардың қарсыласы осал емес болатын. Испандық осыған дейін кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізген тәжірибелі боксшы. 11 кездесуінде жеңіске жетіп, 1 жекпе-жегін тең аяқтаған. Қалған кездесулерінде жеңілген.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама