Айдар Қазов Азия чемпионы атанды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ wfrk.kz

Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 350 келіні еңсерді. Жұлқа көтеруде 156 келіні, серпе көтеруде 194 келіні бағындырды. Қоссайыста дәл осындай нәтижені (160+190) КХДР спортшысы да көрсетті. Алайда Айдар Қазовтың салмағы Джон Менг Сонгтан жеңіл болып шықты. Нәтижесінде отандасымыз Азия чемпионы атанды. Қола медаль тай спортшысы Чиннавон Чатупхумға бұйырды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 349 келіні басынан асырды. Ал бұл салмақтағы екінші қазақстандық зілтемірші Батыр Асраров 330 келімен (қоссайыс) сегізінші орынды қанағат тұтты.

Осыған дейін Таиландтағы Азия чемпионатында Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева қола жүлдегер атанған болатын. 

Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи отырыңыздар.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама