Қазақстандық боксшыАйбек ОралбайАргентина елінің астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды. 91 кг-ға дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз финалда алжирлікМұхаммед Әмин Хасидтіжеңді. Барлық төрешілер 30:27 есебімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткенін хабарлады. Нәтижесінде бокстан ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының финалына үш қазақстандық боксшы шыққан болатын. Өкінішке қарай, 91 кг-нан жоғары салмақтаДамир ТойбайфиналдаАлексей Дроновқажол беріп, күміс жүлдегер атанды. Төрешілер 4:1 (29:28, 30:27, 30:27, 28:29, 30:27) есебімен ресейлік боксшы жеңіске жеткені туралы шешім шығарды. Екі боксшы 2018 жылғы әлем чемпионатының финалында кездескен. Алексей Дамирді екі рет нокдаунға түсіріп, жеңімпаз атанып кеткен еді. Қазақстандық боксшы бұл жолы есесін қайтара алмады. Қыздар арасындаНадежда Рябец(69-75 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол алжирлікИчрак Чаибтіжеңді. Олимпиада алтынына таласатын тағы бір боксшымыз бар. 64 кг-ға дейінгі салмақтаТалғат Шайкенбүгін түнде өтетін финалда ресейлікИлья Поповпенқолғап түйістіреді. Жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындары ертең аяқталады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында4 алтын 2 күміс 2 қола медальбар. Осыған дейінгі жарыстармен салыстырғанда, бұл - рекордтық көрсеткіш.