"Аякс" пен "Милан" арасындағы кездесуге шолу
Голландия астанасының бас клубы «Аякс» ішкі біріншілікте сегіз турдан соң көш басындағы командаға бір ұпай артық беріп, төртінші орында келеді. Ол соңғы екі кездесуінде де жеңіске жеткен еді. Ал оның соңғысы жексенбі күні клуб өз алаңында «Гоу Эхед Иглзты» 6:0 есебімен ойсырата жеңуімен аяқталды. Демек бұл қазіргі ел чемпионы өзінің мәртебелі атағын әзірге абыроймен қорғап келеді деген сөз. Олар тек қыркүйек айының ортасына қарай айналасы 5 күн ішінде «Барселона» мен «ПСВ» клубтарынан жеңілген болатын. «Миланның» жағдайы
Ал «Миланға» келер болсақ, Массимилиано Аллегри баптайтын клуб өткен жылдағыдай биыл да ішкі чемпионатты өте сәтсіз бастады. Өткен сенбіге дейін ол турнир кестесінің 12-орынында тұрған еді. Алайда енді ғана өз-өздеріне келген жұлдызды команда соңғы кездесуде өз алаңында «Сампдориядан» минималдық есеппен басым түсті. Кездесудегі жалғыз голдың авторы Вальтер Бирса. Осы нәтижесінің арқасында ол турнирде бірден үш сатыға көтеріліп, жағдайын біраз жақсартып алды. Енді ол алдағы жексенбі күні басты қарсыластарының бірі туриндік «Ювентуспен» қонақта күш сынасады. ЧЛ. 1-тур қорытындысы бойынша...
ЧЛ 1-тур қорытындысы бойынша амстердамдықтар жарыстың басты фавориті «Барселонамен» кездесіп, 0:4 есебімен тізе бүккен болатын. Матч соңына қарай Колбейнн Сигторссон пенальтиден есепті қысқарта алмағандығын да айта кетейік. Осылайша ол кездесу қорытындысында «Аякс» Месси мен Криштиану Роналду хет-трик жасаған алғашқы клубқа айналды.
Ал «Милан» «Сан-Сирода» 2:0 есебімен шотландиялық «Селтиктен» басым түсті. Кімдер қатыса алмайды?
«Аякс» құрамында Боян Кркич пен «Барсаға» қарсы ойында командаға пенальти сыйлаған Тюлани Сереро алаңға шыға алмайды.
Соңғы кезде жарақаттан көз ашпай кеткен «Миланның» құрамы да уақыт өте қалпына келуде. Сонымен олардың ішінен бүгін Стефан Эль-Шаарави, Риккардо Монтоливо мен Риккардо Сапонара қатарға қосылуға әзір. Ал Маттия Де Шильо, Даниэле Бонера, Матиас Сильвестре, Кака және Джампаоло Паццини сияқты ойыншылар әлі де ем қабылдау үстінде. Одан бөлек, тәртібі үшін А Сериясында үш матчқа шеттетілген атышулы Марио Балотеллидің бүгін ЧЛ ойынына қатысуға құқы бар.
Букмекерлер
«Аякстың» жеңісі — 3, тең есеп — 3,1, «Миланның» жеңісі — 2,5. Қысқаша тарих
Ресми матчтарда «Аякс» пен «Милан» 12 рет кездесіп, оның қорытындысы бойынша қос команда да бірдей нәтиже: 5 жеңіс және 2 тең есептен.
Болжанған құрам
Аякс: Вермеер — Мойсандер, Блинд, ван Рейн, Денсвил — Бойлесен, С.де Йонг, Поульсен, Дуарте — Сигторссон, Хусен.
Милан: Аббьяти — Мексес, Абате, Констан, Дзаккардо — Н.де Йонг, Поли, Мунтари, Бирса — Балотелли, Робиньо. Командалардың мүмкіндіктері
«Милан» маусымның қонақта өткізген төрт матчында да бірде-бір рет жеңіске жеткен емес. Сондай-ақ олардың соққан соңғы сегіз голына назар аударсақ, оның жетеуінің 80-минуттан кейін орын алғандығын байқаймыз. Бұл қысқаша статистиканың өзінен клубтың мықты және әлсіз тұстары қатар көрініп-ақ тұр. Одан бөлек, клуб қатарында бірнеше жетекші ойыншылардың жарақат алғандығын есепке алар болсақ, «Милан» бірінші тайм басталысымен ойынды өз қолына алады деу қиын. Сондықтан олар көбінесе стандартты жағдайларға сенім артатын болар.
Ал Бур шәкірттеріне келсек, оларға бүгін оңай соғады деп айта алмайсың. Дегенмен «Милан» «Барселона» емес. Сондықтан «Аяксқа» допқа иелік ету жағынан қарсыласымен таласып көруге әбден болады. Оның үстіне амстердамдықтар 1-турда «Камп-Ноуда» «Барселонаға» үлкен есеппен ұтылғандығына қарамастан, допқа иелік ету мен қауіпті жағдайлар жасау жағынан өздерін жақсы қырынан көрсете білді.
ЧЛ. 2013/14 жылғы маусым
«Н» тобы
«Аякс» — «Милан»
01.10.2013. Голландия, Амстердам. «Амстердам-Арена». Ойынның басталуы 00.45. Төреші: Юнас Эрикссон (Швеция).
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: trud.ru