"Аякс" Лондонда өткен бірінші ойында "Тоттенхэмді" ұтты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ uefa.com

"Аяксқа" жеңіс сыйлаған голды 15 минутта Дони ван де Бек соқты. Қақпашы Уго Льориспен бетпе-бет шыққан бойда, допты қақпаға тура бағыттап үлгерді.

Екі команда арасындағы қарымта ойын 8 мамырдан 9 мамырға қараған түні өтеді.

Бүгін түнде екінші жартылай финалдағы "Барселона" мен "Ливерпуль" командалары арасындағы бірінші ойын өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады.

Айта кетейік, 2019 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Мадридтегі "Метрополитано" стадионында өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама