Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы ауысты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы ауысты
Фото ©️ wfrk.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы ауысты. Осыған дейін жаттықтырып келген Юрий Мельников орнына Бақыт Ахметов келді.

БӨЛІСУ

Бақыт Ахметов бұған дейін жасөспірімдер құрамын жаттықтырған. 2004 жылы Азия чемпионы, 2007 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2002 жылы Азия ойындарының чемпионы және 2006 жылы Азия ойындарының қола жүлдегері болған. 2008 жылы Қытайда өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның Туын көтеріп шыққан спортшы.

Бақыт Бешімбекұлының шәкірттері ұлттық құраманың сапында да бар. Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сияқты спортшыларды тәрбиелеген.

- Қазіргі таңда ұлттық құрама жаңару кезеңін бастан өткеруде. Осы жылдан бастап ересектер сапын жастар арасынан келген Рахат Бекболат,  Нұрғиса Әділетұлы, Сайхан Тайсуев, Сайрамкез Ақмолда, Карина Кузганбаева, Дарья Ахмерова және Гүлнұр Ыбырай толықтырды.

Бақыт Ахметовтың үйлестіруімен команданы нығайту жоспарланып отыр. Біз Бақыт Бешімбекұлын тәжірибелі жас жаттықтырушы және кәсіби менеджер ретінде білеміз. Осыған орай оны ересектер құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Юрий Александровичке көп рахмет. Ол ұлттық құраманы қиын кезеңде басқарды. Оның басшылығымен біздің спортшылар жоғары нәтижеге жетті, - деді ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұралинов.

Юрий Мельников ұлттық құраманы 2016 жылдан бері жатттықтырған. Татьяна Хромова, Вячеслав Ню, Алла Важенина мен Надежда Ногай сынды спортшыларды тәрбиелеп шығарған. «Құрмет» орденінің иегері.