Ауыр атлетикадан Алматыда өтетін әлем чемпионатының кестесі
Алматыда өтетін әлем чемпионатының маңызы жоғары. Неге десеңіз, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия беріледі. Яғни, бұл жалғыз қазақстандық спортшылар үшін ғана емес, барша зілтеміршілер үшін шешуші әрі маңызды бәсеке екені анық.
Қазіргі таңда сынға түсетін барлық спортшылар анықталып үлгерді. Елімізде тұңғыш рет өткелі отырған бәсекеде 75 елден 683 спортшы бақтарын сынайды. Оның 404-і ерлер болса, 297-сі әйелдер. Әйелдер жеті салмақ дәрежесі бойынша (48, 53, 58, 63, 69, 75, +75 келі) сынға түссе, ерлер сегіз салмақта (56, 62, 69, 77, 85, 94, 105, +105) жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады. Қазақстан құрамасы бұл додаға толық құрамда қатысады. Бізбен қатар, Қытай, Колумбия, Беларусь, Эквадор, Египет, Германия, Үндістан, Италия, Жапония, Польша, Ресей, Тайланд, Түркия, АҚШ пен Украина құрамалары толық құрамда келеді.
Ертең жалауын желбіреткелі отырған доданың кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
8 қараша (сенбі)
09:00 – Ерлер, 62 келі, "D" тобы
11:00 – Ерлер, 56 келі, "C" тобы
13:00 – Ерлер, 62 келі, "C" тобы
15:00 – Ерлер, 56 келі, "B" тобы
17:30 – Ашылу салтанаты
19:00 – Ерлер, 56 келі, "A" тобы (Арли Чонтей)
21:00 – Әйелдер, 48 келі, "С" тобы
9 қараша (жексенбі)
09:00 – Ерлер, 69 келі, "D" тобы
11:00 – Әйелдер, 48 келі, "B" тобы
13:00 – Ерлер, 62 келі, "B" тобы
16:00 – Әйелдер, 48 келі, "A" тобы (Маргарита Елисеева)
19:00 – Ерлер, 62 келі, "A" тобы
21:00 – Ерлер, 69 келі, "C" тобы
10 қараша (дүйсенбі)
09:00 – Әйелдер, 53 келі, "C" тобы
11:00 – Ерлер, 69 келі, "B" тобы
13:00 – Әйелдер, 53 келі, "B" тобы
16:00 – Әйелдер, 53 келі, "A" тобы (Зульфия Чиншанло)
19:00 – Ерлер, 69 келі, "A" тобы (Альберт Линдер)
21:00 – Әйелдер, 58 келі, "С" тобы
11 қараша (сейсенбі)
10:00 – Ерлер, 77 келі, "D" тобы
12:00 – Ерлер, 77 келі, "C" тобы
14:00 – Ерлер, 77 келі, "B" тобы
16:00 – Әйелдер, 58 келі, "B" тобы (Гүлназ Наурызова)
19:00 – Әйелдер, 58 келі, "A" тобы
12 қараша (сәрсенбі)
10:00 – Әйелдер, 63 келі, "С" тобы
12:00 – Әйелдер, 63 келі, "B" тобы
14:00 – Ерлер, 85 келі, "D" тобы
16:00 – Ерлер, 85 келі, "C" тобы
19:00 – Ерлер, 77 келі, "A" тобы (Кирилл Павлов)
21:00 – Ерлер, 85 келі, "B" тобы
13 қараша (бейсенбі)
09:00 – Ерлер, 94 келі, "D" тобы
11:00 – Әйелдер, 69 келі, "C" тобы
13:00 – Әйелдер, 69 келі, "B" тобы
16:00 – Әйелдер, 63 келі, "A" тобы (Карина Горичева)
19:00 – Ерлер, 85 келі, "A" тобы
21:00 – Ерлер, 94 келі, "C" тобы
14 қараша (жұма)
09:00 – Ерлер, 105 келі, "D" тобы
11:00 – Ерлер, 105 келі, "C" тобы
13:00 – Ерлер, 94 келі, "В" тобы
16:00 – Әйелдер, 69 келі, "А" тобы (Майя Манеза, Жазира Жаппарқұл)
19:00 – Ерлер, 94 келі, "A" тобы (Владимир Седов, Рүстем Сыбай)
21:00 – Әйелдер, 75 келі, "C" тобы
15 қараша (сенбі)
09:00 – Әйелдер, +75 келі, "C" тобы
11:00 – Ерлер, 105 келі, "B" тобы (Жасұлан Қыдырбаев)
13:00 – Әйелдер, 75 келі, "B" тобы
16:00 – Әйелдер, 75 келі, "A" тобы (Анна Нұрмұхамбетова)
19:00 – Ерлер, 105 келі, "A" тобы (Илья Ильин)
21:00 – Ерлер, +105 келі, "C" тобы
16 қараша (жексенбі)
09:00 – Әйелдер, +75 келі, "B" тобы
11:00 – Ерлер, +105 келі, "B" тобы (Селімхан Әубәкіров)
14:00 – Әйелдер, +75 келі, "A" тобы
17:00 – Ерлер, +105 келі, "A" тобы (Ибрагим Берсанов)
Әлем чемпионаты Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Ал билеттер құны бірінші күндері арзан болса, басты бәсекелер өтетін күндері 15 000 теңгеге дейін көтеріледі. Қазіргі таңда билеттер спорт кешенінің кассасы мен «Меломен» дүкендер желісінде, және «ticketon.kz» сайтында сатылып жатыр.
Cурет: bilet.meloman.kz