Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына баратын ұлттық құрама құрамы анықталды
Ауыр атлетикадан 2015 жылғы әлем чемпионаты 20-29 қараша аралығында Хьюстонда (АҚШ) өтеді. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын додада еліміздің намысын 15 спортшы қорғайды.
Дүбірлі додаға төрт дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин қатыспайды. Отандасымыз Грозныйдағы Ресей Федерациясы Президентінің кубогына қатысатын болады.
Ауыр ателтикадан 2015 жылғы әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасының құрамы:
Ерлер:
56 келі: Арли Чонтей
62 келі: Фархад Харки
77 келі: Нижат Рахимов
85 келі: Дмитрий Уланов
94 келі: Жасұлан Қыдырбаев
105 келі: Алмас Өтешов, Александр Зайчиков
+105 келі: Селимхан Әбубәкіров
Әйелдер:
53 келі: Маргарита Елисеева
63 келі: Карина Горичева
69 келі: Жазира Жаппарқұл
75 келі: Светлана Подобедова, Анна Нұрмұхамедова
+75 келі: Надежда Ногай, Александра Аборнева
Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи отырыңыздар.