Ауыр атлетикадан 2017 жылғы әлем чемпионаты да АҚШ-та өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ rsport.ru

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының (IWF) президенті Тамаш Аянның хабарлауы бойынша дода АҚШ-тың Анахайм қаласында өтеді. 2017 жылдың 28 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығына жоспарланған.

- Біз 2017 жылғы әлем чемпионатының Пинангта өтпейтініне өкініш білдіреміз. Малайзия халқы спортшыларды қашан да зор қуанышпен қарсы алатын. Анахаймның бұл доданы өткізуді қолдарына алғаны үшін алғыс білдіреміз, қуаныштымыз, - деді Тамаш Аян.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Олимпиада өтетін жылы ұйымдастырылмайды. 2015 жылғы жарыс АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен болатын.

Анахаймдағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының қатысуы неғайбыл. Себебі допинг дауына байланысты ұлттық құрама алдағы жылы біршама уақыт халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама