Ауғанстан спортшылары алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарына қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sports.ru

2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ақ Олимпиадаға Ауғанстан елінің атынан екі спортшы қатысады. Олар: тау шаңғышылары Саед Алишах Фарфанг пен Сайад Хусаини. Спортшылардың қатысуы туралы келісімге Ауғанстан Олимпиада комитетінің басшысы Мұхаммед Захир Агбар мен Оңтүстік Корея ұлттық Олимпиада комитетінің өкілі Ким Ун Ен қол қойған.

- Біз екі ауған спортшысын қысқы Олимпиада ойындарына қатысуына тіркедік. Олар төртжылдықтың басты додасында ел намысын зор абыроймен қорғайды деген сенімдеміз, - деді Захир Агбар.

Осыған дейін Ауғанстан спортшылары қысқы Олимпиада ойындарына қатыспаған. 13 рет жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Барлығы екі қола медаль ғана еншіліген. Екі жүлдені де 2008 және 2012 жылдары Рохулла Никлай иеленген.

Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама