«Атлетико» оныншы рет Испания біріншілігін бағындырды
Кездесу басы «Атлетико» үшін сәтсіз басталды. 16 минутта қонақтардың белді шабуылшысы Диего Коста жарақат алды. Нәтижесінде кейінгі уақытта командасына көмектесе алмады. Араға 7 минут сала Арда Туран да команда қатарынан шығып қалды. 34 минутта «Барселона» шабуылшысы Алексис Санчес ойындағы есепті ашты. Алайда 49 минутта мадридтік клубтың уругвайлық қорғаушысы Диего Годин таразы басын теңестіріп кетті. Қорытындысында «Атлетико» 90 ұпаймен өз тарихында Испания чемпионатын оныншы рет жеңіп алды.
Сонымен қатар, Диего Симоэне шәкірттері 24 мамыр күні Чемпиондар лигасының кубогын «Реалмен» сарапқа салатын болады. Ал жарақаты меңдеген Диего Коста бұл ойынға қатыспайтын болды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com