“Атлетико Мадрид“ командасының мамандары ҚФФ базасын көруге келді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Мадридтік ұжымның өкілдері Талғардағы ұлттық құрамалар базасының инфрақұрылымымен танысып, 15 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының жаттығуын тамашалады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы мен "Атлетико" клубы арасында балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға арналған меморандумға қол қойылған болатын.

Келісім аясында екі тарап спорттық оқу-жаттығу орталықтарын құру және білім беру саласында тәжірибе алмасады. Сонымен қатар, Алматы облысы Талғар қаласында "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығының базасында футбол академиясы салынады, ал жас қазақстандық футболшылар Испанияда "Атлетико" әдістемесі бойынша жаттығу мүмкіндігіне ие болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама