Асу Алмабаев UFC рейтингінде үздіктер қатарына қосылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sportilinet.kz

Қазақстандық спортшы 15-орынды қытайлық Су Мудаерджимен бөлісіп тұр. Ал 14-орынға бұрын рейтингте болмаған Коди Дарден мен Давид Дворак көтерілген. 

Асу UFC ұйымдастырған үш турнирге қатысып, үшеуінде де жеңіске жетті. Бұл оның үздіктер қатарына қосылуына жол ашты. 

Қазақстандық спортшы соңғы рет UFC Vegas 93 турнирінде Хосе Джонсонмен шайқасты. Жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылып, отандасымыз төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама