Асу Алмабаев UFC-гі үшінші жеңісіне қол жеткізді
Асу үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Отандасымыз алғаш рет жарысты басты кардында бақ сынады. Қазақстандық спортшы бірнеше рет қылқындыру әдісімен жекпе-жекті ертерек аяқтауға тырысқан. Алайда қарсыласы әдістерге шыдап бағып, соңына дейін шайқаса білді.
Алмабаев өткен жылдың тамыз айынан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін Оди Осборн (12-7-1) және Си Джей Вергараны (12-5-1) жеңген еді.
Жәнібекпен мансабын бастағалы жұмыс жасаудамыз. Әр жекпе-жек сайын өсіп келеді. Орта салмақта кез келгенін жеңуге қауқарлы. Қазір орта салмақ Марвин Хаглер заманы емес, аса мықты боксшылар жоқ, әлсіз дивизион. Михайловичтен кейін Жәнібектің Адамеспен кездескенін қалаймын, - дейді промоутер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз